ОЯН РУХ! (Булгакбаев) - страница 3

Тоя алмайтын адам жаман.


Күш жұмсамай еңбексіз,

Масыл болған ұл жаман.

Еш арланбай тыйымсыз,

Қызармаған қыз жаман.


Өнеге жоқ тәлімсіз,

Аңырайтын бала жаман.

Иесі жоқ кейіпсіз,

Ырылдайтын ит жаман.


Ата-ана жүгі аманат!


Ата-анаға кұрмет қыл,

Аманат жүгі түскенше.

Қарыздан ешкім құтылмас,

Қабірге жаны кіргенше.


Он сегіз мың ғаламды,

Бір Алла өзі жаратқан.

Пайғамбарымыз жөн беріп,

Пендесіне адасқан.


Бұрынғы өткен жандарда,

Армансыз өткен жан бар ма?

Ырзалық етіп жылайық,

Құдіреті күшті Аллаға.


Жаннатты анадан іздеп ек,

Төрінде жүруді нəсіп ет.

Табан астынан іздеген,

Амалдарымызды қабыл ет.


Қалауы көп қой пенденің,

Өлімді жеңген жан бар ма?

Қосылармыз бәріміз,

Мақшардың күні болғанда.


Ықылас


Ықылас түссе ғылымға,

Ойлануға бейім болар.

Пайдалы білім алуға,

Ой еңбегі қымбат болар.


Ықылас түссе иманға,

Жүзі оның нұрға толар.

Махабат болса Құдайға,

Ісі оның адал болар.


Жан жарығы бәрін де,

Білемін деп талпынар.

Жан құмары бәрін де,

Жеңемін деп құлшынар.


Алайда шайтан бәрін де,

Сенен артық біледі.

Жаныңды зерттеп көрді де,

Әлсіз жеріңді тереді.


Құран беті ашылса,

Арам беті жабылса.

Арқадан жүк арылар,

Намазына асықса.


Ұлы Иеміз ескерткен:

Дүниеге оралма,

Түнекте сен қамалма,

Барыңды да бағала,

Жүрегіңді тазала!


Ізгілік пен зұлымдық


Ізгілік іздейтін жандарға,

Әулиелік келіп қонады.

Зұлымдық іздейтін жандарға,

Күнәлар келіп қонады.


Залымдар бірдей ойлайды,

Барлығы алмисах серт бұзған.

Ізгілер жауыз болмайды,

Солармен күресіп дерт болған.


Залымдар өзін танымас,

Оттан екенін білмесе.

Ізгілер өзін танымас,

Имандылықты сезбесе.


Жақсы мен жаман аяқ астынан,

Абайлап аңдап жүрерсің.

Ізгі мен залым табан астынан,

Солардың бәрін көрерсің.


Үнемі мұңайып жүрсең егер,

Қара бұлт торлап кетеді.

Үнемі шаттанып жүрсең егер,

Жымиып жаз да келеді.


Санаға салмақ болмаса,

Өмірің өзіңнен қашу болар.

Жүрекке салмақ болмаса,

Өмірің өзіңмен алысу болар.


Қазір


Тарихи шындық жоқ қазір,

Әділ жолың жоқ қазір,

Ақ пен қараны айыра алмаған,

Байғұс халық көп қазір.


Бақытсыз бала жылаған,

Естимін дауыс көп қазір.

Дініңді дұрыс түсінбеген,

Адал жолың жоқ қазір.


Жат қылған жан сарайын,

Сән қылған хан сарайын.

Дейтін сияқты арамдық,

Әлсізді іздеп табайын.


Шын бақыт


Тойсыз өмір өмір ме?

Семіріп, толып, өлдік қой!

Əнсіз өмір өмір ме?

Секіріп, билеп, болдық қой!


Аман-сау жүргенің бақыт қой,

Ұмытпа еріп жаманға.

Ойын-сауығың алданыш қой,

Жаңылма еріп тобырға.


Дәурен оған езуін тартып,

Бақытты сәті келгендей.

Дүние оған жылмың қағып,

Шын бақытқа жеткендей.


Не десең егер шын бақыт,

Жеткізер жол жаннатқа.

Соғыссыз бейбіт заманның,

Қадірін ұға алдық па?


Исламның да тазасы бар,

Ақыл жүрекпен тапқаның.

Пайда берсе олар саған,